HP LaserJet Enterprise 600 Printer M603 series - Қағаздың кептелген орны

background image

Қағаздың кептелген орны

Егер басқару панелінде кептелу туралы хабар шықса, кептелген қағазды немесе басқа баспа
құралын келесі суреттерде көрсетілген жерлерден іздеңіз. Содан соң, кептелуді жою үшін
келесі процедураны орындаңыз. Кептелген қағазды кептелу туралы хабарда көрсетілген
жерлерден басқа жерден де іздеп көруіңіз қажет болуы мүмкін. Егер қағаздың кептелген орны
белгісіз болса, онда алдымен жоғарғы қақпақты ашып, баспа картриджінің астыңғы жағын қарап
көріңіз.

Кептелген қағазды жыртып алмай, ақырын алыңыз. Егер қағаздың кішкене бөлшегі өнімнің
ішінде қалып қойса, ол тағы қағаздың кептелуінің себебі болуы мүмкін.

1

4

2

3

5

6

1

Жоғарғы қақпақ пен баспа картриджінің аумақтары

2

Қосымша конверт əпергіші

3

Науалар аумақтары (1-Науа, 2-Науа жəне қосымша науалар)

4

Қосымша дуплекстеуші

5

Термобекіткіштің аумағы

6

Шығыс аумақтары (жоғарғы қалта; артқы қалта жəне қосымша жинақтағыш, қапсырмалаушы/жинақтағыш
немесе 5 қалталы пошта жəшігі)

ЕСКЕРІМ:

Қағаз кептелген кезде өнімнің ішінде бекітілмеген тонер қалып қойып, ол уақытша

баспа сапасының ақаулықтарын туғызуы мүмкін. Бірнеше бет басылып шыққан соң, бұл
ақаулықтар жоқ болып кетуі керек.