HP LaserJet Enterprise 600 Printer M603 series - IPv4 TCP/IP параметрлерін басқару тақтасын қолмен реттеңіз

background image

IPv4 TCP/IP параметрлерін басқару тақтасын қолмен реттеңіз

IPv4 мекенжайын, ішкі желі маскасын жəне əдепкі шлюзді қолмен орнату үшін, басқару
тақтасындағы Басқару мəзірлерін пайдаланыңыз.

1.

Өнімнің басқару тақтасындағы Негізгі бет түймешігін басыңыз.

2.

Төмендегі мəзірлердің əр біреуін ашыңыз.

а.

Басқару

ə.

Желі параметрлері

б.

Jetdirect мəзірі

в.

TCP/IP

г.

IPV4 параметрлері

ғ.

Конфигурация əдісі

д.

Қолмен орындалатын

е.

Қолмен енгізілетін параметрлер

ё.

IP мекенжайы, Ішкі желі маскасы немесе Əдепкі шлюз

3.

IP адресінің, желі бөлігі маскасының немесе стандартты шлюздың бірінші байтының санын
өсіру немесе азайту үшін санды пернетақтаны пайдаланыңыз немесе жоғары көрсеткісін
немесе төмен көрсекісін басыңыз.

4.

Сандардың келесі жинағына жылжыту үшін

OK

түймешігін басыңыз. Сандардың алдыңғы

жинағына жылжу үшін артқа көрсеткісін басыңыз.

5.

ІР мекенжайы, ішкі желі маскасы немесе стандартты шлюз аяқталғанша, 3 жəне 4-ші
қадамдарды қайталаңыз, содан кейін параметрді сақтау үшін

OK

түймесін басыңыз

66

Бап 5 Өнімді Windows амалдық жүйесі арқылы қосу

KKWW